Қайрат Нұртастың анасы ұлын "мамасының баласы" деп мазақ еткендерге жауап берді

21549
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның эстрадалық әншісі Қайрат Нұртастың анасы, әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлын "мамасының баласы" деп, мазақ етіп жүргендерге жауап берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы әншінің анасы Instagram-дағы парақшасында жазды.

- Елін-жерін, отанын сүю ер азамат үшін бірінші болып анасын құрметтеуден басталады. Анасын құрметтей алмаған адамда қайдан мейірім болсын. Мен тек Қайраттың анасы емес продюсерімін, соны біле тұра "Мамасының баласы" деп қаншама жылдар мысқылмен тиісіп келгендер аз болған жоқ, —дейді Гүлзира Айдарбекова.

Тіпті алғашқы жылдары Гүлзира Айдарбекова балам намыстанбасын деп бірге шақырылған той-томалақтарға баруға бас тартқан.

- Балам осындай сөздерден жауыр болған шығар, намыстанбасын деп, өзімді алшақ ұстауға да тырыстым, көп жерлерге бірге шақырылсақ та,  сен барып келе бер деп қала салатын кездерім де болды, — дейді продюсер.

Одан бөлек белгілі продюсер Қайрат Нұртастың жас әрі аңғал алданып қала беретін мінезін алға қойып, әрбір жұмысын ешкімге сенбей түгел өзі жасайтынына тоқталып өтті.

-  Көшеге түн жарымда ешкімге көрінбей шығып афишаларын да өзім жабыстыратынмын. Естеріңізде болса, жыл сайын 25 ші ақпан Республика сарайында туған күнін халықпен тойлаысн деп концертін жасайтынмын. Қыс мезгіді болғандықтан аяздан афишалар не скотчпен не клеймен жабыспай, саусақтарым үсіп қалған кездерім де болған, - дейді Қайрат Нұртастың анасы.

Гүлзира Айдарбекова сөз соңын : "Ана мен бала арасындағы құрмет кейбіреулерге ұнамай, қаншама жағымсыз сөздер айтылып, жазылып жатса да, ұлыма риза болғаным, керісінше: Менің анам деп жүрегі толы мақтанышпен, анаға деген құрметін жастарға паш етуден, үлгі болудан жалыққан жоқ. Кім не десе де ешбір бала анасын, аналар өз баласын жоғалтпасын", - деп аяқтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер