Адам қағып кеткен адам бұрыңғы полиция қызметкері боп шықты

2603
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желілерде Талғарда жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері екені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Алматы облысындағы адам өліміне қатысты оқиғаның жаңа мәліметтері белгілі болды. Марқұмның туыстары: "Сол бір қаралы түнде бұрынғы полицей шетелдік көлікті басқарып, мас күйінде болған. Бұған ойын-сауық орындарының біріне орнатылған бақылау камераларының жазбалары дәлел", - деп жазды.

Жазба авторы өлімге әкелген Mercedes-Benz көлігін қағып кеткен адамның бұрынғы полиция қызметкері екенін айтты. 

"Ол 24 қазанда жұмыстан босатылды. Ал 25 қазан күні адамды қағып, қашып кетті. Бұған ІІД басшысы не дейді?" – дейді жазба авторы.

Оқиғаға қатысты марқұмның әпкесі пікір білдірді.

"Мас қызметкердің кесірінен тіреуімізден айырылдық. Онсыз қалай өмір сүретінімізді елестете де алмаймын. Барлық қолдары мен аяқтары сынған. Біз әділдікті талап етеміз, өйткені бұл біз үшін үлкен шығын.  Қалайша қағып кетіп, ары қарай қарамастан, тоқтамастан кете беруге болады. Ең болмаса түсіп, көмек берсе аман қалатын ба еді. Байқұс бала екі жарым сағат жатып қалған",  - дейді марқұмның әпкесі Марал Жеңісова. 

Полицейлер жол апатында ұсталған 26 жастағы жігіттің полиция қызметкері емес екенін айтты.

"Оқиға болған кезде күдікті полиция қызметкері болмаған, өйткені ол оқиғадан бұрын өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз берген. Медициналық сараптаманың қорытындысы оның мас күйінде болмағанын көрсетті. Тағы да сараптамалар жүргізілетін болады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Пікірлер