Әкесінің малдарын ұрлап, сатып жіберген

2635
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында ер адам әкесінің малдарын ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Түркістан облысының полицейлері «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында өз әкесінің малдарын жымқырған ер азаматты анықтады. Нақтырақ айтқанда Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі малдарын белгісіз біреу ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған. Яғни жәбірленуші азаматтың 2 бас қошқары мен 1 бас бұзауын жасырын жымқырып, жалпы 180 000 теңге шығын келтірген»,–деп жазды Түркістан ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерек ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер