«Тар заман» телехикаясы Ұлттық арнада наурыз айында көрсетіле бастайды

3011
Adyrna.kz Telegram

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алаш қайраткерлерінің тағдырын арқау еткен «Тар заман» телехикаясы 26 наурыздан бастап «Qazaqstan» ұлттық арнасында көрсетілетін болды. Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ең басты үлкен премьерамыз - «Тар заман» атты телехикаямыз. Ол 14 эпизодтан тұрады. Бүгінгі күні аталмыш телехикаяның ықшамдалған нұсқасы фильм ретінде кинотеатрлардан көрсетіліп жатыр.

Осыған байланысты әріптестерім әлеуметтік желіде «неліктен кеңірек көрсетпедіңіздер?» деген сұрақтар қойып жатыр. Бірақ, телесериал мен фильм арасында үлкен айырмашылық бар. Біз бұны әу баста телесериал ретінде дайындаған едік. Алайда аудиторияның қызығушылығын ояту мақсатында фильм ретінде ықшамдап, бірнеше кинотеатрлармен келісе отырып, телехикая бірқатар қалаларда көрсетіліп жатыр», - деді Е.Қарин.

Оның айтуынша, аталмыш телехикая өте қызықты драмалы болмақ. «Тар заман» біздің эфирге наурыздың 26-нан бастап көрсетілетін болады. Оның кейіпкерлері - бір ғасыр бұрын азаттық үшін күрескен Алашорда қозғалысының көсемі мен мүшелері. Бұл сериалда жалпы 37 тарихи кейіпкер бейнеленген. Ауқымды сериал болғалы тұр. Біздің ойымызша, бұл телехикая жастар аудиториясының ішінде Алашты кеңірек насихаттауға мүмкіндік ашады деп ойлаймыз», - деп түйді телеарна басшысы.


Басты фото: www.kinopark.kz

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/tar-zaman-telehikayasy-ulttyk-arnada-nauryz-ayynda-korsetile-bastaydy_a3166812

Пікірлер