Италиядағы төтенше жағдай режимі 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Елде осы мерзімге дейін санитарлық рұқсаттамалар жойылмайды.
Сондай-ақ, Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанза ЕО елдерінен елге кіру үшін коронавирусқа тест тапсыру керек деген бұйрыққа қол қойды. Вакцинацияланбаған адамдар үшін 5 күндік карантин қайтадан енгізіледі.
Айта кетейік, 15 желтоқсаннан бастап мектеп және полиция қызметкерлері үшін міндетті екпе талаптары күшіне енбек.
«Адырна» ұлттық порталы