Қырғызстан президенті тікелей эфирде футбол ойнайды

2517
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/a8569458-f5fb-4348-8e90-39493e0fd1e2.jpeg

Садыр Жапаров бастаған Президент әкімшілігінің командасы қырғыз футболының 100 жылдығына арналған достық футбол турниріне қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара Қырғыз футбол одағының бастамасымен ұйымдастырылады. Турнирдің басты мақсаттарының бірі – елде спортты, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және дамыту.

Турнирге Президент Әкімшілігінің командалары, отандық футбол ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, спорт федерацияларының өкілдері, бизнес-қоғамдастық және мәдениет қайраткерлері қатысады.

Турнир "Спорт" (КТРК) телеарнасында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии