Қазақстан билігі Google-ға қосымша салықтар салды

2357
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика министрлігі барлық шетелдік интернет-компанияларды мемлекет қазынасына қосымша құн салығын төлеуге міндеттейтін Салық кодексіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Интерфакске" сілтеме жасап.

Өзгерістер 1 қаңтардан бастап күшіне енді, салық сатылған тауарлар мен қызметтердің сомасының 12%-ын құрайды. Ведомство бұл мемлекет бюджетіне жылына екі миллиард теңге тартуға мүмкіндік береді деп күтуде. Компаниялар тіркелудің қажеті жоқ, бірақ олар салық органдарына қосымша құн салығын төлеуге дайын екендігі туралы хабарлауы керек.

15 қыркүйекте Мәжіліс бала құқығын қорғау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Оған биліктегі Nur Otan партиясының депутаттары Айдос Сарым мен Динара Зәкиева бастамашы болды.

Жарлық шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді Қазақстандағы өкілдіктерін тіркеуге және биліктің талабы бойынша 24 сағат ішінде "тыйым салынған ақпаратты" жоюға міндеттейді. Әйтпесе, олар бұғатталады. Заңның қабылдану қажеттігін шенеуніктер балаларға қамқорлық жасап, оларды интернеттегі бұзақылықтан қорғауға тырысумен түсіндіреді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мемлекеттік бақылауды күшейту туралы ережелер жаппай наразылық пен үрей туғызды. Заң жобасының қазіргі редакциясында "онлайн-платформа" және "интернет-ресурс" сияқты тұжырымдар пайдаланылады, олардың құрамында қазақстандық БАҚ сайттары да болуы мүмкін.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер