Сом, қару-жарақ, оқ-дәрі: Жамбылда ұсталғандардан қандай заттар табылды?

1095
Adyrna.kz Telegram

 Жамбыл облысында күш құрылымдары тергеу шаралары барысында қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркіледі, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы  "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл қарудың бәрі Тараз бен жақын маңдағы елді мекендерде террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктер жасауға арналған. Жамбыл облыстық комедантурасының хабарына қарағанда, өңірде 139 адам ұсталған. Сонымен қатар, ұсталғандарда доллар мен қырғыз сомы болған. Осы қаражат арқылы олар студенттер мен қалтасын қампайтқысы келген жастарға заңсыз әрекет жасауға тапсырыс бермек болғаны айтылады.

Штабтағылардың айтуынша, тәртіпсіздіктерге қатысуға келісім бергендерге алкоголь мен есірткі заты берілген.

Еске салайық, өңірде 29 блокбекет қойылған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер