Айдос Жұқанұлы: Дағдарыста, қайғылы сәттерде нұротандықтар майданның алдынғы шебінде болды

2557
Adyrna.kz Telegram

Журналист Айдос Жұқанұлы елдегі ауыр жағдай кезінде «диван» сарапшылар көтере бастаған билеуші «Нұр Отан» партиясын тарату мәселесіне өз пікірін білдірді.

«Нұр Отан - дағдарыс жағдайында қоғам мен билікті прогрессивті реформаларды іске асыру үшін жұмылдыра алатын жалғыз саяси күш. Партияда 800 мыңнан астам адам бар. Партия барлық өңірлерде, қалаларда және ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Бұл жұмыс істеп тұрған жүйелі механизм, 20 жылда кампанияларды өткізуде үлкен электоралдық тәжірибе жинақтаған. Бұл бүкіл ел бойынша кадрлық, ұйымдастырушылық, инфрақұрылымдық және басқа да ресурстар, ең бастысы – Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы көпшілік», - деп жазады журналист өзінің Facebook желісіндегі жазбасында.

Журналисттің айтуынша, халық шенеуніктердің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымданып келетін қоғамдық қабылдаулар халықпен өте тиімді жұмыс істейді. Көптеген мәселелер бірінші келгеннен кейін шешіледі. Партия азаматтардың аманаттарының орындалуын бақылауға алады, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік органдарды іске қосып, олардың мәселені шешуіне ықпал етеді.

«Дағдарыстық, қайғылы сәттерде дәл осы нұротандықтар майданның алдынғы шебінде әрдайым болды. Олар қысқа мерзім ішінде қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды, Арыс қаласындағы жарылыстан немесе Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан кейін, сондай-ақ пандемия кезеңінде зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинады. Бұл сайлау алдында ұпай жинау үшін бір реттік немесе жарнамалық акциялар ғана емес, қарапайым адамдарға айтарлықтай көмек болды. «Birgemiz» қорының жұмысы көпшіліктің есінде қалды, ол арқылы пандемия жағдайында бизнесмендер жинаған 34 млрд теңге сомасына екі миллионнан астам қазақстандық жедел көмек алды. Назар аударыңыз, бір де бір күмән, дау туған жоқ. Барлығы тез әрі ашық жасалды, әр теңге адресатқа дейін жетті» - деп атап өтеді Айдос Жұқанұлы.

Ол өз жазбасында билеуші партия қайта жаңғыртудан өтіп, өз қатарын тазартқанын, праймериз арқылы өз қатарына жаңа көшбасшыларды, белсенділерді, түрлі салалардағы сарапшыларды тартқанын тілге тек еткен.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер