Жүргізушілер балаларды автобустан шығарып жібергені үшін жазаланатын болады

1599
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/30258560085635739_8e81.jpg
Қазақстандық жүргізушілер 16 жасқа толмаған балаларды автобустан шығарып жібергені үшін айыппұл төлейтін болады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Депутат Жұлдыз Сүлейменова хабарлағандай, заң жобалары балаларға дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатады. Мысалы: Қылмыстық жауапкершілік бойынша 16 жасқа дейінгі балаларға жыныстық сипатта тиіскені үшін (200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, 40 күнге дейін қамаққа алу), кәмелетке толмаған баланы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін (5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру), кәмелетке толмаған баланы ұрлағаны үшін (10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру) жазасы тағайындалады.
Пікірлер