Саясат
22.04.2024
Жаңалықтар
Жайық суы тағы көтерілсе де ТЖД "қауіп жоқ" дейді
Жайық өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейден 7 см асты, бірақ Оралға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқыны жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  БҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаевтың айтуынша, саяжай тұрғындарын алдын ала ескерту жұмыстары жүргізіліп, барлығы қауіпсіз жерге шығарылды, делінген Орталық коммуникациялар қызметінің Telegr..
22.04.2024
Жаңалықтар
"Салтанат ісі" бойынша сотқа Собчак келді
Бүгін, 22 сәуір күні Астанада өтіп жатқан экс-министр Бишімбаевтың сотына  Ресейдің танымал журналисі, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ол Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген. Айта кетейік, Ксения Собчактың «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram..
21.04.2024
Жаңалықтар
Атамекеннен кеткісі келмейді. Ауғандық қандас құжатын жыртқан соң жоғалып кетті
Қазақстанға көшіп келмек болған 32 жастағы Сами Ата Гүл есімді ауғанстандық азамат Астана әуежайында елде қалуы үшін құжатын жыртты. Айтуынша, оның Қазақстанда қалу туралы өтініші қабылданбай, депортациялау туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды “Адырна” порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп. Қандас Сами Ата Гүл Ауғанстанда туып-өскен. Ол Қазақстанға өткен жылы күзде келіп, кейін атамекенінде қалуға шешім қабылдаған. Осылайша азаматтық алу..
21.04.2024
Жаңалықтар
АҚШ өкілдер палатасы Украинаға 61 млрд доллар бөлу туралы заң қабылдады
АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы Украинаға әскери көмек бөлу туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ВВС-ге сілтеп.  Заң жобасына сәйкес, Украинаны қолдауға шамамен 61 миллиард доллар бөлінеді. Заң шығару процесі аяқталғаннан кейін Вашингтон бірнеше ай бойы тоқтап қалған Киевке әскери жүк жеткізуді қалпына келтіре алады. Жалпы сомасы 95 млрд доллардан астам әскери көмек қарастырылған заң жобасы Украинамен қатар, Ваши..
21.04.2024
Жаңалықтар
Назарбаеваға тиесілі Алматыдағы фитнес орталық 25 миллион долларға сатылмақ
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева Алматыдағы Wellness Club Luxor фитнес-орталығын 25 миллион долларға сатпақшы, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КазТАГ ақпараттық агенттігіне сілтеп. «Алматыда Әлия Назарбаеваның Luxor фитнес орталығы сатылмақ. Нысанның бағасы 25 миллион долларды құрайды», - делінген сайтта. Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ірі фитнес-сауықтыру орталықтарының бірі құжаттарға сәйкес, Назарбаева 2001..
19.04.2024
Жаңалықтар
«Назарбаев кезіндегі оппозиция». Ел шетін су алғанда зиялы қауым сыналды
Су тасқыны басталғалы көмекке ұмтылғандар мақталып, көмектесе алмағандар сыналып жатыр. Сарапшылар оның өзіндік себептерін де тарқатып түсіндіреді. Елде судың беті әлі де қайтпай тұр. Бірнеше өңірлерде тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілсе, ендігі бірі су қайтқан мекеніне оралуда. ТЖМ бүгінде 118180 адамды, оның ішінде 44254 баланы су құрсауынан құтқарғанын хабарлады. Алайда биылғы апат адам шығынынсыз болмады. Су тасқынынан 7 адам көз жұмды. Апатты..
19.04.2024
Жаңалықтар
Елде бензин өндіру көрсеткіші төмендеді
Қазақстанда бензин өндіру көрсеткіші төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. 2024 жылдың наурыз айында 437 мың тонна бензин шығарылды. Бұл ақпан айындағы өндіріс көлемінен 1,4%-ға төмен болып отыр. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, наурызда  454 мың тонна (+12,5 %) газойль, 189 мың тонна (+8,3 %) мазут,  60 мың тонна — 5,6 %) керосин өндірілді. Еске салайық, бұған дейін елімізде АИ-92 бензиніне..
Тағы жүктеу