Зеленский: Ресеймен соғысуымыз мүмкін!

3022
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленский халқына "Ресеймен ақпараттық соғыс болуы мүмкін" атты үндеу жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Еш байбаламсыз. Украина мен әлемге деген сеніммен" атты жазба Украина басшысының ресми сайтында жарияланды. 

Зеленскийдің айтуынша, ақпараттық алаңда Ресеймен қақтығыс болуы мүмкін деген сынды хабарлар көптеп тарауда.

Президент ондай "қауіптің" кеше пайда болмағанын және бұрынғыдан артпағанын атап өтті. Ол украиндарды жалған ақпаратқа сенбеуге, оған бола байбалам салмауға шақырды. 

"Соғыс сегіз жылдан бері болып келе жатыр. Қазір дүрлігіп, қысымды арттырып, қарақұмық пен сіріңке сатып алатын уақыт емес", - деді украин басшысы. 

Ол Украина халқын, әсіресе қарттарды "терең тыныс алып, сабырлы болуға", ал БАҚ өкілдерін жаппай дүрліктірудің құралы болмауға шақырды. 

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер