Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі

1896
Adyrna.kz Telegram

Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Тапсырмаға сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің несиесі есептен шығарылады. Сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың несиесі де кешіріледі. Қазір агенттік бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Александр Терентьев.

Бұған дейін бірнеше банк елдегі бүлік кезінде көз жұмған әскерилер мен полицейлердің несиесін кешіретінін мәлімдеген еді.

Пікірлер