“Байғұс інімді ұрып-соғып жатқанына сенімдімін”: Алматылық мұғалім тергеу изоляторында (ВИДЕО)

4562
Adyrna.kz Telegram

Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікпен қамауда отырған алматылық мұғалім Өркен Ерзаттың туыстарының арызын қарап жатыр. Бұл туралы “Адырна” ұлттық портаоы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арна мәліметінше, колледждің 22 жастағы оқытушысы 11 күннен бері УҰИ-да жатыр. Ер адам тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген. Алайда жігіттің туыстарының айтуынша, оны қателесіп ұстаған.

"Мен оның митингіге қатысқанына сенбеймін, оны жақсы білемін. Оның табиғатында мұндай жоқ. Ол өте тыныш және тұйық, ақкөңіл адам. Оны аман-есен қайтаруын талап етемін", - деп жылайды оқытушының анасы Күлмария Нұрахымбек.

5 қаңтарда Өркен туыстарына баруды жоспарлаған. Бірақ автобустар жүрмей, көліктер болмаған. Интернет жұмыс істемей, ал ақшасы тек мабильді қосымшада болған. Ер адам өзіне қауіп төндіре отырып, банкоматты пайдалануды ұйғарған, бірақ сол кезде аяғынан оқ жарақатын алған, дейді ер адамның туыстары.

Жараланған Өркен ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған. Оны туыстары ауруханадан алып кеткен. Көп ұзамай артынан полиция келген.

"13-і күні полиция келді, інімді алып кетті, бір-екі сағат деді, бірақ қазір 11 күн өтті. Жағдайы туралы ақпарат жоқ, қатты уайымдап отырмыз. Анам үнемі жылайды. 25-і күні адвокатпен барып, ініммен кездесуіміз керек. Байғұс інімді ұрып-соғып жатқанына сенімдімін", - дейді ер адамның әпкесі Ардақ Ерзат.

Қазір бұл іс қалалық прокуратура бақылауында. Ал, Ішкі істер министрлігі мұндай әрбір іс жеке қаралатынын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының кінәсі дәлелденсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны айтылды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарға қатысты күш қолдану деректеріне қатаң әрекет етеді. Әрбір факт полиция ғимараттары мен қоғамдық орындарда орнатылған бейнекамераларды талдау арқылы мұқият зерделенеді", - деді ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер