Омикрон соңғы штамм емес - ДДСҰ басшысы

2473
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясының өткір кезеңі аяқталуы мүмкін деген болжамнан сақтандырды, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталыTengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

ДДСҰ басшысының айтуынша, омикрон маңызы бар соңғы штамм және пандемия жақында аяқталады деп ойламау керек.

"Пандемия қалай дамитыны және өткір кезең қалай аяқталуы мүмкін екені туралы түрлі сценарий бар. Бірақ омикрон соңғы штамм болады немесе пандемия аяқталады деп болжау қауіпті. Керісінше, әлемдік деңгейде жаңа штамдардың пайда болуына әкелетін түрлі жағдайлар бар", - деді Тедрос ДДСҰ атқарушы кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар, Гебрейесус коронавирус биыл денсаулық сақтау саласындағы жаһандық дағдарыс бола алмайтынын айтты. Алайда бұл үшін жылдың ортасына қарай әр мемлекет халқының 70 пайызы вакцина алуы, сондай-ақ, вакцинация жүйесін жақсартуы қажет.

"Биыл COVID-19-ды жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ретінде тоқтата аламыз", - деді ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер