Несие төлей алмайтындарға бөлек заң жобасы қабылданады

2177
Adyrna.kz Telegram

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заң жобасын 4 ақпанға дейін үкімет кеңсесіне енгізуді тапсырды.

Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған.

Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, осыған орай 18 заңнамалық актіге – 7 кодекс пен 11 заңға түзету енгізу жоспарланған.

"Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын",  –  деді Смайылов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер