Хиджаб киіп, дінге кеткен: Жабайы Арманның әйелі жайлы не белгілі?

8984
Adyrna.kz Telegram

Қылмыс әлемінің серкесі саналатын Жабайы Арман "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысы бар деген күдікпен тұтқындалып, бүгінде абақтыда отыр. Түрлі БАҚ беттерінде оның отбасына қатысты түрлі ақпараттар шығуда. Соның бірі Арман Жұмагелдиевтің  жарына қатысты. 

25 қараша күні Жабайы Арман өзінің  Instagram парақшасында әке атанғанын жазып, тілек қалдырған болатын. Сол постқа Айкөл Әлікжанова "Әминь, жаным" деп жазу арқылы Арманмен байланысы барын білдіріп қойған. Сол күннен бастап оны жұрт Жабайы Арманның жұбайы деп біледі.  Алайда олардың қашан және қайда үйленгені белгісіз.

Айкөл 1991 жылы 12 қыркүйекте өмірге келген. 2012 жылы ол "Мисс Интернет KG 2012" байқауында жеңімпаз атанды. Араға екі жыл уақыт салып "Мисс Қырғызстан" байқауында топ жарды. Артынша ол сән әлемінде модель болып қызмет атқарып, "Chic.kg" директоры қызметінде болған. Оның  "K-zerger"  компаниясын жарнамалағаны белгілі.

2016 жылы ол өз өмірін түбегейлі өзгертіп, дінге кеткені жайлы ақпарат бар. Өз парақшасындағы бұрынғы суреттерін өшіріп, хиджаб киген суреттерін сала бастаған.  Оның бұл шешімін қоғам қолдап, ондаған мың лүпіл мен пікір жинаған. Ол діни киім сататын дүкен ашып, бизнесін дамытуға барын салған.

Қазіргі уақытта Айкөлдің қайда екені белгісіз. Деректер бойынша ол не Қырғызстанда, не Түркияда болуы мүмкін.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер