SWIFT дегеніміз не? Ресей үшін неге қауіпті?

2572
Adyrna.kz Telegram

Батыс бөлік Ресей Украинаға басып кіретін болса, оған «бұрын-соңды болмаған санкциялар саламыз» деген талап қойды.  Мақала авторының айтуынша, Кремльдің жаһандық банк жүйесінен ажырап қалуынан қорқады. Бірақ бұл санкция енгізіле ме, жоқ па, белгісіз. Әлем елдері алып Ресей мемлекетімен сауда-саттықты тоқтатуға әлі дайын емес.

Батыс елдері Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға шабуыл жасауына тосқауыл қою үшін бұрын-соңды болмаған санкцияларды енгізетінін ескертті.  Бірақ бір үрей бар - Кремль әлемдік банк жүйесінен ажырауы әбден мүмкін. АҚШ заңгерлері соңғы уақытта Ресейді SWIFT-тен шығару ұсынып отыр, өйткені олар әлемдегі мыңдаған қаржы институттарын байланыстыратын өте қауіпсіз желі саналады.

Ресейдің жоғары лауазымды шен-шекпенділері бұл жағдайға жауап ретінде өз нұсқаларын ұсынып жатыр. Егер кенет осындай қауырт оқиғалар орын алса, Ресей мемлекетінен Еуропаға мұнай, газ және металл жеткізу тоқтатылатынын айтты.

"Егер Ресей SWIFT-тен ажыратылса, біз шетел валютасын пайдаланбаймыз. Бірақ сатып алушылар, бірінші кезекте еуропалық елдер біздің тауарларымызды - мұнайды, газды, металдарды және басқа да маңызды дүниелерге қол жеткізе алмайды", - деді РФ жоғарғы палатасының вице-спикері Николай Журавлев.

SWIFT дегеніміз не?

Дүниежүзілік банкаралық қаржылық коммуникациялар қоғамы телексті ауыстыру мақсатында 1973 жылы құрылды.  Қазір 11 000-нан астам қаржы институттары оның қызметтерін кодталған хабарламалар мен төлем тапсырмаларын жіберу үшін пайдаланады.  SWIFT - жаһандық қаржы ұйымдары үшін маңызды жүйе.

Егер Ресей SWIFT-тен ажыратылса, қаржы институттары Ресейге ақша жіберу мүмкіндігінен толықтай  айырылады. Бұл Ресейдегі компаниялар мен олардың шетелдік клиенттері үшін, әсіресе, олар импорттайтын мұнай мен газ сатып алушылар үшін күтпеген күйзеліс болары анық.

Өткен жылы Карнеги Мәскеу орталығындағы баяндамасында Финляндия халықаралық қатынастар институтының ғылыми қызметкері Мария Шагина «Бұл процесс барлық халықаралық транзакцияларды тоқтатады, валюта бағамының ауытқуын тудырады және капиталдың жаппай құлдыруына әкеледі», - деп жазды.  Экс-қаржы министрі Алексей Кудрин 2014 жылы Ресей SWIFT-тен шығарылса, оның экономикасы бес пайызға қысқаратынын айтқан еді.

SWIFT-тің штаб-пәтері Бельгияда орналасқан.  Компанияны 25 адамнан тұратын директорлар кеңесі басқарады.  Олардың қатарында Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийі басқармасының төрағасы Эдди Астанин де бар.  SWIFT өзін бейтарап қызмет провайдері деп атайды. Ол Бельгияның заңнамасына сәйкес құрылған және ЕО ережелерін сақтауға міндетті.

Ресейді жүйеден шығарып жіберсе не болмақ?

SWIFT-тен елдерді өшіруге арналған арнайы прецеденттер бар. SWIFT 2012 жылы ирандық банктерді өз желісінен ажыратқан. Себебі Еуропалық Одақ Иранның ядролық бағдарламасына байланысты оларға қарсы санкциялар енгізген еді.  Осы жағдайдан кейін Иран мұнай экспортынан түсетін кірістің жартысына жуығын және сыртқы саудасының 30 пайызын жоғалтты.

«SWIFT – өз қауымдастығының ұжымдық мүддесі үшін құрылған және сол бағытта жұмыс істейтін бейтарап кооператив», - делінген ұйымның сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде. Елдерге немесе жеке тұлғаларға қарсы санкциялар қолдану туралы кез келген шешім тек құзырлы үкімет органдары мен тиісті заң шығарушы органдардармен қабылданады.

АҚШ одақтастарының Ресейге қарсы мұндай шараларды қаншалықты қолдайтыны белгісіз.  Егер Ресеймен байланыс үзілсе, ең көп ұтылатын мемлекеттер қатарына АҚШ пен Германия қосылады. Өйткені олардың банктері ресейлік банктермен байланысу үшін SWIFT-ті жиі пайдаланады, - деді Шагина.

Данияның сыртқы істер министрі Джеппе Кофод дүйсенбі күні "Еуропалық Одақ Ресейдің Украинаға басып кіруіне "бұрын-соңды болмаған жан-жақты санкциялар" енгізу арқылы жауап беруге дайын екенін айтты.  Еуроодақ дипломаты Жозеп Боррел сейсенбіде "санкциялардың Батыс және Еуропалық Одақ үшін ең күшті тұтқаға айналады" деп топшылады.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сейсенбі күні парламент мүшелеріне АҚШ-пен ақылдаса отырып, Ресейді SWIFT-тен ажырату мүмкіндігін талқылап жатқанын айтты.  "Бұл [Ресейге қарсы] өте күшті қару болатынына күмәнім жоқ. Бірақ оны  Америка Құрама Штаттарының көмегімен ғана қолдануға болады. Біз бұл тақырыпты қарастырып жатырмыз", - деді Джонсон.

Ресейдегі шаралар

Соңғы жылдары Ресей SWIFT-тен ажыратылған жағдайда орын алатын қиын кезеңдердерден, ауыр соққыдан қалай айналып өтуге болатынын қарастырып жатыр. 2014 жылы Қырым аннексияланғаннан кейін Батыс оған қарсы санкция енгізді. Нәтижесінде олар ол өзінің SPFS төлем жүйесін құрған.  Шагинаның айтуынша, қазір ел ішіндегі аударымдардың 20 пайызы SPFS арқылы жүзеге асырылады, бірақ хабарламалардың көлемі шектеулі, ал транзакциялар тек жұмыс күндері ғана жүзеге асырылады.

SWIFT-тің тағы бір баламасы - Қытайда жақында құрылған CIPS трансшекаралық банктік аударым жүйесі.  Мәскеу де криптовалютаны пайдалану қажеттілігіне тап болуы мүмкін.

"SWIFT - бұл еуропалық компания, көптеген мүше елдерді біріктіретін  бірлестік. Оны жабу туралы шешім қабылдау үшін барлық мүше елдердің ойы, пікірі, шешімі қажет. АҚШ пен Ұлыбритания мемлекеттерінің шешімдері жеткіліксіз. Мен басқа елдердің, Ресеймен сауда байланысын орнатқан мемлекеттердің бұл шешімді қолдайтынына сенімді емеспін, - деді Журавлев.

Айжан СЫЛАНОВА

Пікірлер