Өлтіру, тонау, бопсалау: Қылмыстық топтар және мемлекеттің күресі

3892
Adyrna.kz Telegram

КСРО ыдырап, бодан болған елдер өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, тоқырау кезеңі басталды. Посткеңестік елдер өз алдына дербес мемлекет болды және әр ел өзіндік даму жолын таңдады. Нарықтық экономикаға өту бір елде сәтті, бір елде сәтсіз болып жатты. Алайда барлық мемлекеттер үшін тән бір ортақтық бар еді, ол - рэкетирлік және бандалық топтардың артуы. Бұрынғы жүйенің орнына ендігі таңда жаңа жүйе келді. Тоқырау жылдары мемлекеттік билік әлсіз, тәртіп сақшыларының жұмысы жүйесіз болды. Сондықтан қоғамда түрлі қылмыстық элементтер саны артты. Қаржы бар жерде «қадағалау мен пайданы бөлуді» рэкетирлік топтар іске асырды. Әсіресе сауда орындары, базар және ақша айырбастау бекеттерін аталмыш топтар өз бақылауында ұстады. Былайша айтқанда «крыша» болды.

Спецоперация КНБ и МВД: три особо опасные банды обезвредили в Казахстане

Ел аузында аңыз болып тараған «Рыжий Алмаз», «Атаба», «Адай», «Депутатский корпус», «Четыре брата» атты қылмыстық топтар жайлы көпшілік жақсы біледі. Кейбірі сотталса, енді бірі қаза тапты. Осылайша атышулы топтар көпшілік алдынан кетті. Бірақ қылмыстық топтардың әрекеті тоқтаған емес. Олардың тек форматы өзгерді. Мысалы бүгінде зейнеттегі полиция полковнигі Балтабек Маратұлы былай дейді: «90-жылдары бандиттік топтар байлықтың артынан қумай, көбіне капиталды лас жолмен табуға ұмтылды. Ал жаңа ғасырдың басында олар өз қаржыларын түрлі жемқор және парақор шенеуніктер арқылы өз қаржылық құрылымдарын ашып, лас ақшаларын тазартуға тырысты. Ал соңғы уақытта қылмыстық топтар өз ықпалдарын арттырып, мемлекеттік секторға ұмтылып, экономиканың бірқатар салаларына бақылау орнатуға ұмтылуда.

90-жылдары қылмыстық топтар әлімжеттік көрсету, кісі өлтіру, тонау және бопсалаумен айналысты. 2000-жылдары олар рейдерлік әрекеттер, контрабанда, салықтан жалтару, қаржылық пирамидаларды құру сынды қылмыс түрлеріне көшті. Соңғы онжылдықта тіпті мемлекеттік құрылым мен конституциялық бүтіндікке нұқсан келтіретін қылмыстарға көше бастады. Бір ғана сыра королі атанған Төлешовтың 2015 жылы мемлекеттік төңкерісті дайындауының өзі неге тұрады», – дейді ол.

Браконьеры убивают Каспий | VOXPOPULI

Қылмыстық топтар сан түрлі әрекет түрлерін іске асыруда. Мемлекет олармен күресудің әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға мәжбүр. Мысалы пандемия кезеңінде фармацевтикаға байланысты қылмыс түрі артты. Ол заңсыз дәрі-дәрмек тасымалы, дәрілерді қолдан жасау және саудалау. Интернет қарқыны дамыған сайын сан түрлі қылмыс көбейді. Ол қаржылық негізде түрлі пирамидалар құру, есірткі сатуды онлайн негізде іске асыру, адам саудасы және алаяқтық, жалған сауда мен хакерлік. Аталмыш қылмыстық топтармен күресу мақсатында мемлекет ұдайы мониторинг жүргізуді арттыру үстінде.

Әсіресе, шекаралық аймақтағы қылмыстық топтар мемлекет үшін аса қауіпті. Еліміздің батыс аймағында браконьерлікпен айналысатын топтар Каспий теңізінде бекірені заңсыз аулау, оны саудалау бойынша елге зиян келтіруде. Тәуелсіздік алғаннан бері ұзақ жылдар бойы аталмыш қылмыстық топ түрлерімен күрес жүруде. Олар «Қызыл Кітапқа» енген бекіре тұқымдастардың құрып кетуіне себепкер болуы мүмкін. Сонымен қатар тек қана балық аулау емес, есірткі және қару тасымалын да іске асыруда.

Молодому оренбуржцу грозит 10 лет лишения свободы за сбор травы

Еліміздің экономикасының басым бөлігін мұнай және газ өнімдері құрайды. Бұл аса маңызды сала. Қаржысы көп салада қылмыстың да көп болары анық. Сондықтан мұнай саласында жасалатын қылмыс өте көп. Әсіресе мұнай өнімдерін заңсыз саудалау жылына бірнеше млрд теңгелік шығын әкелуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтар аталмыш қылмыс түрімен жүйелі және асқан жоғары дайындықпен айналысады. Сондықтан ҰҚК және арнайы қызмет бұл қылмыстық топтарды дереу арада тоқтатып, қолдарына кісен салып келеді.

Ел ішінде шөп терумен айналысатын және бөкен атуды кәсіп еткен қылмыстық топтар да бар. Олар табиғатқа орасан зор зиян келтіріп, флора мен фаунаға орны толмас қылмыс жасауда.

Шекаралық аймақта діни экстремизм мен терроризмге қатысты қылмысты іске асыруға тырысатын қылмыстық топтар әрекет етеді. Олар көбіне қару кіргізу, тыйым салынған кітап түрлерін мемлекетке кіргізуге талпыну сынды әрекеттерге барып жатады. Діни радикалдық топтардың басты мақсаты да қаржы табу және өз жақтастарын арттыру. Сондықтан олар көбіне сауда саласындағы қылмыс түрлеріне барады, алыпсатарлықпен айналысады. Мемлекет бұл құрылымдарды жіті бақылауында ұстайды, себебі қаржылық қылмыспен қатар, терроризм және экстремизм қаупі де бар.

Особенности противодействия насильственному экстремизму и терроризму в Казахстане - CABAR.asia

"Қасіретті қаңтар" мемлекеттік жүйенің қауқары мен қылмыстық топтардың қабілетін де қатар көрсетті. Бейбіт талаппен шыққан халықтың арасына кіріп, арандатушылықпен айналысып, тонау және мемлекеттік билікті басып алуға талпынған бірқатар қылмыстық топтардың әлеуеті көрінді. Билік тәртіп сақшылары арасында реформа жүргізуге талпынуда. Ол қылмыстық топтармен күресті нәтижелі етуге және бейбіт халық пен экономиканы қорғауға бағытталуы тиіс.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер