Ақтөбеде дәстүрлі «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті

1595
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатысуымен «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы өтті.

«Біз біргеміз» акциясы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді және Ақтөбе қаласының брендіне әлдеқашан айналып үлгерген. 22 жыл уақыт ішінде акцияға үш мыңнан астам адам қатысқан.

«Біз біргеміз» акциясы – барлық санаттардағы мүгедектігі бар адамдарға арналған ең қажетті және ең нәтижелі алаң, мұнда нәтижелер жасалады, жоспарлар талқыланады және мүмкіндігі шектеулі жандардың мүдделерін білдіретін қоғамдық ұйымдардың қызметінің нәтижелері айтылады.

Акция барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін мазалап жүрген мәселелерді талқылап, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері бірлескен шаралар жоспарын пысықтады.

Аталған шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтардың одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Байменова, т.б. белсенді азаматтар қатысты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер