14 жастағы қызды зорламақ болған зейнеткер ұсталды

1647
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында 14 жастағы қыз балаға қысым жасап, арам ойын іске асырмақ болған күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны болып шықты, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Аталған факт бойынша өтініш полицияға 15 ақпанда түскен. Қарасай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті деген ер адам ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол - Алматы қаласының 62 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ оның жеңіл көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Қазір күдіктіге қатысты іс қозғалып, істің мән-жайы тергеліп жатыр.

"Автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 124-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Істің мән-жайын толықтай анықтау мақсатында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі Әбілтай Әбенов.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер