Кәрім Мәсімовтың тағы бір орынбасары қамауға алынды

2306
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер