Тоқаев мырза, Украинадағы ел азаматтарын құтқару қажет! - Дина ЕЛГЕЗЕК

3164
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!

Украинада 2 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрады.

Оларды шұғыл түрде Отанымызға эвакуациялау қажет.

Қазір Украина әуе кеңістігі жабық екені әмбеге аян. Десе де орайы келсе отандастырымызды қауіпсіз жерге көшірілуін қамтамасыз еткен жөн.

Соңғы жылдары Назарбаевтық режимге қарсы шығып, саяси қудалауға түскен саяси күрескерлер Украинаны паналауға мәжбүр болды.

Солардың бірі, “Жаңа Қазақстан” құрылды” деп жуырда Украинадан ұшып келген Ермек Нарымбай әуежайдан отандық түрмеге топ ете қалды. Өкінішке қарай, әлі күнге сонда жатыр. Осы бір фактіге сүйеніп елге қайта алмай жүрген отандастырымыз бар шығар.

Соғыс болып жатқан аймақтағы қазақстандық саяси күрескерлердің тағдырына бейжай қарамауыңызды өтінемін. Назарбаев режиміне қарсы шыққан азаматтар - жемқор, террорист, қылмыскер емес! Олардың көбі - әділдік пен демократияның жақтаушылары.

Азаматтарымыздың елге қайтауына жағдай жасаңыз. Тиіспеңіз, қайта елге шақырып, ізгілік танытыңыз!

Қазақстанда шынайы саяси жылымық барын дәлелдеңіз! Саяси реформаның бастауын - шет елдерге ыдырап көшіп кеткен әрбір күрескер қазақты ақтаудан бастаңыз!

Дина ЕЛГЕЗЕК

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер