Запорожье атом электр станциясындағы ұрыс тоқтап, өрт сөндірілді

2308
Adyrna.kz Telegram
Firefighters work to extinguish a fire at a damaged logistic center after shelling in Kyiv, Ukraine, Thursday, March 3, 2022. Russian forces have escalated their attacks on crowded cities in what Ukraine's leader called a blatant campaign of terror. (AP Photo/Efrem Lukatsky)
Firefighters work to extinguish a fire at a damaged logistic center after shelling in Kyiv, Ukraine, Thursday, March 3, 2022. Russian forces have escalated their attacks on crowded cities in what Ukraine's leader called a blatant campaign of terror. (AP Photo/Efrem Lukatsky)

Запорожье АЭС-і орналасқан Энергодар қаласының әкімі АЭС аймағындағы шайқастардың тоқтағанын және өрт сөндірілгенін хабарлады. Бұған дейін атом электр станциясына Ресей әскері бірнеше сағат бойы оқ жаудырған болатын.

Украиндықтардың хабарлауынша, әкімшілік оқу ғимаратының үшінші, төртінші және бесінші қабаттары өртке оранған. Тек таңға жақын ғана Украинаның мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары өрттің таралуын тоқтатып, 2 мың шаршы метр аумақты оқшаулады. Ал өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 6:20-да жойылды.

Бұған дейін Дмитрий Орлов жақын маңдағы Запорожье атом электр станциясының ғимараттары мен блоктары жұмаға қараған түні үздіксіз атқылағанын, соның салдарынан Еуропадағы ең ірі атом электр станциясында өрт шыққанын айтқан. Оның айтуынша, атом электр станциясында жараланғандар да бар.

«Ресей танктері қалаға кіріп, АЭС-ті бақылауына алуға тырысты. Алайда оның қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар Ресей әскерінің жолын жабу үшін атом электр станциясы мен оған іргелес жолдарға жиналды”, -деді Дмитрий Орлов

 Запорожье АЭС-і белгіленген қуаты бойынша Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы. Оның алты VVER-1000 энергоблоктары V-320 жобасы бойынша салынған. Бірінші энергоблок 1984 жылы желтоқсанда, алтыншы блок 1995 жылы қазанда іске қосылды.

Шамамен, бір апта бұрын Ресей әскерлері жабылған Чернобыль атом электр станциясын бақылауға алған болатын. Украина шенеуніктері сол кезде аймақтағы бірқатар жерлерде радиация деңгейінің асып кеткенін хабарлады. Алайда Ресей бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

”Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер