Бүгінгі сатира. Айранмен жүретін автомобиль!

4895
Adyrna.kz Telegram
Үкіметтен айналайын, кәсіпкерлерді қолдап отыр ғой! Ойлана келіп, өзіміздің автомобиль өндірісін ашқым келді! Шетелдің көшірмесі емес, өзіміздің! Не болса да, өзіміздікі болғанға не жетсін! Бір танысым шеге цехын ашып, банкрот болды. Ол шегенің екі жағын да, балғамен ұратын жалпақ бас етіп шығара берген ғой. Ал, менің болашақтағы автомобилім супер! Жобасын жасап қойдым!
Отандық автомобилімнің аты «Қазақия» деп аталады. Капоты төрт метр. Неге дейсіздер ме? Алдында төрт моторы бар. Жолда келе жатып, бір моторы істен шықса, екнішісі автоматты түрде іске қосылады. Ол бұзылса, үшіншісі дегендей... Екі рульі бар, шаршасаңыз, жаныңызда есінеп отырған енеңіз айдап кете береді. Керемет емес пе? Артында да рульі бар. Қайырылып жүрмейсіз, артында отырған әйелің айдап кете береді. Рахат! Башкатыймын ғой! Ал, жұрт шеге шығара алмайды! Сосын, автомат, тежегіш деген жоқ! Шалқайып отырып алып, дистанциялық басқару пультімен айдай бересіз. Руль өзінен өзі бұрыла береді, қаласаңыз, ұстап отырыңыз. Елімізде мұнай көп, бензин тапшы.
Сондықтан, бір қасық айранмен алпыс килограмм, ой, километр жүресіз. Ой, несіне күлесіз? Өте арзан болады. Бар жоғы бір миллион теңгеге сатып аласыз! Сол үшін, бетімнен сүйіп қойыңыздаршы!
Мұхтар ШЕРІМ
Пікірлер