Ресейлік олигархтар Украинадағы соғысқа қарсылық білдіріп, Путиннен теріс айналуда

8557
Adyrna.kz Telegram

"Агрессор" елдің президенті Владимир Путиннің төңірегінде жік-жікке бөліну басталып кетті. Қазірдің өзінде оның айналасындағы алты олигарх Ресейдің Украинаға қарсы соғыс ашқанына ашық түрде қарсылық білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі жанындағы жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы хабарлады. Олардың барлығының жалпы капиталы 90 миллиард доллар екені атап өтілді.

"Қазір жалпы капиталы 90 миллиард долларды құрайтын алты олигарх Ресейдің Украинаға деген агрессиясына ашық түрде қарсы шықты. Соғыс басталғалы бері бір апта ішінде ресейлік миллиардерлердің байлығы шамамен 40 миллиард долларға азайды", - делінген хабарламада.

Сонымен, Ресей агрессиясына келесі олигархтар қарсылық білдірді:

  • "Новатэк" компаниясының иесі Леонид Михельсон,
  • "Русал" компаниясының негізін қалаушы Олег Дерипаска,
  • "Лукойл" акционерлік мұнай компаниясының иесі Вагит Алекперов,
  • "Альфа Груп" басшысы Михаил Фридман және оның серіктесі Петр Авен,
  • банкир Олег Тинькоф.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер