Мүмкіндік барда Путин бұл соғысты тоқтатсын! - Ресейлік саясаткер (ВИДЕО)

4507
Adyrna.kz Telegram

Ресей саясаткері Дмитрий Гудков екі ел арасындағы соғысты жедел тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өз бейнеүндеуін Гудков Ресей депутаттары мен шені бар адамдарға, Ресей әскеріне жолдады.

“Дереу соғысты тоқтатыңдар. Путинді тоқтатыңдар. Бұл сіздердің әрі қарай физикалық тұрғыда өмір сүрулеріңіздің соңғы мүмкіндігі. Тоқтатыңдар. Путиннің бұйрығымен қазір Украина бомбаның астында қалып жатыр.

Әскерилерден бөлек, бейбіт тұрғындар қаза табуда. Бомба қарапайым тұрғын үйлерге, балабақшаға, мектептерге түсіп жатыр. Қазірдің өзінде қайтыс болғандар саны мыңнан асады. Бұл соғыс ешкімге де керек емес.

Соғыс Ресей қызығушылықтарының ешқайсысын сақтап қала алмайды. Бұл есінен адасқан диктатордың шешімі.

Араларыңыздан, есі дұрыс, адекватты адам шығып, тоқтатуды талап ету мүмкін емес пе? Барлық әлем бізді жек көреді. Ал сіздерді қылмыскер ретінде соттайды. Мүмкіндік барда Путинді тоқтатыңдар. “Өз еркімен отставкаға кете ме” білмеймін, бірақ тоқтатыңдар”,- деді ол бейнеүндеуінде.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер