Ninety One тобы JUZ Entertainment-тен кетеді

3523
Adyrna.kz Telegram

JUZ Entertainment продюсерлік компаниясымен Ninety one тобының келісімшартының уақыты бітті. 8 жыл бұрын жасалған келісімшарттың мерзімі 2022 жылы аяқталды.

Топ мүшелері шығарған әндер, бойзбендтің аты да өздерінде қалды.

Соңғы үш жыл бойы топ өзінің барлық контентін продюсерлік агенттіктің қатысуынсыз жасап келеді. Бұл еңбек қатынастарының аяқталуына себеп болды.

Айта кетейік, Ninety One 2015 жылы «Айыптама» әнімен дебют жасаған Қазақстанда q-pop жанрына жол ашқан алғашқы топ. Бұл әнге түсірілген бейнеклип 20 апта бойы Қазақстанның музыкалық арналарының хит-парадтарында көш бастап тұрды.

Топтың продюсері қазақ музыкалық ОРДА тобының мүшесі Ерболат Беделхан болды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер