26 жылда 777 полицей қызмет барысында көз жұмған

2009
Adyrna.kz Telegram

Соңғы 26 жылда Қазақстанда қызметі барысында 800-ге жуық полицей көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігіне ҚР Ішкі істер министрлігінен хабарлады.

«Соңғы 26 жылдың ішінде ішкі істер органдарының 777 қызметкері қызметтік міндеттерін өтеу кезінде, 73 өкілі қылмыскерді ұстау кезінде қаза болды», - деп атап өтілген ІІМ-нің ресми сауалға берген жауабында. Ведомствоның мәліметіне қарағанда, аталған мерзімде қызметтік міндеттерін өтеу кезінде 2 320 полиция қызметкері жарақат алды. Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан учаскелік инспектор қайтыс болды. Наурыз айының басында Батыс Қазақстан облысында жол апатына ұшыраған полиция қызметкері көз жұмды. Ал өткен жылғы желтоқсанда Павлодар облысында қылмыскерлерді ұстау барысында полиция лейтананты жарақаттанды.

______________________________________________________________________________________________________

inform.kz

Пікірлер