Торғай өңірін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек – Берік Әбдіғалиұлы

3183
Adyrna.kz Telegram

Берік Әбдіғалиұлы Торғай өңірін дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек екенін атап өтті.  Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Торғай өңіріндегі адам саны күрт азайып кетті. Арқалықтың өзінде 30 мыңға жуық қана. Мүмкін соны есептеп облыс етпей жатқан шығар. Бірақ облыс болмаса да Торғай өңірінің дамуына арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдануы керек. Арқалық қаласы өте тозып кетті. Ғимараттары тозған, халықтың табысы азайған. Жолды реттеу керек. Арқалықтан Торғай арқылы Ырғыз, Ақтөбеге кететін үлкен трасса болса екен дейміз. Өнеркәсіпті де дамыту қажет», - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Депутат осы айтылғандар жүзеге асқаннан кейін облысты қайта құруға болатынын айтады.

«Егер болашақта экономикасы реттеліп, зауыттар қайта соғылып, адам саны көбейіп жатса Торғай облысының да ашылу кезегі келеді. Арқалықта облыстық инфрақұрылым жақсы сақталып тұр. Орталық бола алады»,- деп пікір білдірді ол.

Еске салсақ, Президент Тоқаев 16 наурыздағы халыққа Жолдауында Ұлытау, Жетісу, Абай облыстары құрылатынын мәлімдеген. Одан кейін көпшілік Торғай облысын құру жөнінде де ұсыныстар айта бастады.

Бағдарламаны төмендегі сілтеме арқылы толық көре аласыз:

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер