Шымкентте болған дауыл 11 баласы бар жалғызбасты ананың үйін қиратып кетті (ВИДЕО)

3139
Adyrna.kz Telegram

Тоғыз баласы мен екі немересі бар Гауһар Әбдірайымова «Ақжар» ықшамауданындағы уақытша кішкентай үйді жалдап тұрады. Қатты жауған жаңбыр мен соққан дауыл оның жалғыз үйін шайып кетті. Үйдің қабырғалары дауыл соққысына төтеп бере алмай опырылып түсті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жеке үйде бес бөлме бар, оның үшеуі қираған, дейді әйел. Гауһардың айтуынша, ол мұндай үйде тұруға қорқады, қалған бөлмелері де қирап отбасы мүшелерін майып қыла ма, деп уайымдайды.

«Бес күн бойы қатты жаңбыр жауды, кеше түнгі сағат екілер шамасында үйіміздің шатыры опырылып түсті, үйді жылытатын отын бар еді, қазір жарамсыз, үй деуге келмейтін қабырғалар ғана қалды. Сондай-ақ бәрі су астында қалды. Сосын тағы екі бөлменің шатыры құлады, менің уақытша үйім қыш кірпіштен тұрғызылғандықтан, қатты жаңбырға шыдай алмады», - деді әйел.

Гауһардың айтуынша, қазір "үй" деуге келмейтін жердің есігі де жабылмайды. Үй салқын, отбасы пештің жылуымен жылынуы керек. Үш бала қазірдің өзінде суықтан ауырып жатыр. Әйелдің өзі күйеуімен ажырасқан, жұмыс істемейді. Отбасы АӘК және көп балалы отбасы жәрдемақысымен тұрады. Олардың барар жері жоқ, туыстары да көмектеспей жатыр, дейді жәбірленуші.

«Үлкен қызым да күйеуімен ажырасқан, екі баласы бар, олар өте кішкентай, сондықтан жұмыс істемейді. Балаларыма қарайтындықтан жұмыс істей алмаймын. Бір жыл бұрын күйеуіммен ажырасқанмын, оның туыстары да, өзімнің туыстарым да бізге көмектеспеді. Әкімдік те көмектеспеді, демеушілер болса көмектесеміз деді. Менің үйіме газ құбырлары тартылған, мамандар құбырларын жөндеп, кетіп қалды. Бірақ біздің үй сол күйінде жылусыз қалды»,- деп түйіндеді сөзін Гауһар Әбдірайымова.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер