Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырмен байлап тастаған

3390
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер Қостанай облысының тұрғыны әйелін шынжырға байлап тастағанын айтты, - деп хабарлайды "Адырна" порталы alau.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай облысында болған. Сұранысқа жауап ретінде ақпаратты Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Қостанай облысының полиция департаментіне 44 жастағы әйел күйеуін жауапкершілікке тартуды сұрап арызданған. Полицияға Тобыл қаласының тұрғыны түнде жанжал кезінде күйеуі оның аяғын жылыту радиаторына темір шынжырмен байлап тастағанын айтқан.

Сөйтіп ол таң атқанша қалды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсталған азамат әйелінің ішімдік ішкенін түсіндірді. Түнде шығып кетпесін деп байлап қойғанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер