АРМАН ӘУБӘКІР: Республиканың қос бас қаласын байланыстыратын жол құрылысы қашан аяқталады?

2921
Adyrna.kz Telegram
Астана мен Алматы арасындағы 1200 шақырымдық жолдың жыры әзірге бітетін түрі көрінбейді. Әзірге 500 шақырымға жуық жол ғана жасалған. Оның өзі 5 жылға созылған. Енді қалған 700 шақырымды аяқтау үшін 7 жыл керек пе?
Нашар жолда жол апаты жиі болады. Оған кім кінәлі болмақ?
Ұшаққа да, пойызға да билет таппай Астанадан Алматыға таксимен қайттым. 15 сағаттай жол жүрдік. Дұрыс жол болғанда небәрі 10 сағатта жетуге болады екен. Айдар есімді таксист екі-үш ай сайын көліктің “ходовка” жақтарын ауыстырып тұруға мәжбүр екенін жеткізді. Нашар жол қарапайым таксистерге де салмақ.
“Бірде шетелдік қонақты алып жүрдім, ол “үлкен екі қаланың ортасын жалғайтын жөні түзу жолдың болмауы мүмкін емес” деп сенбеді. Аудармашы арқылы бізде басқа жолдың жоқ екенін айтып әрең дегенде сендірдім” дейді таксист аға. Иә, біз үшін қалыпты дүние сияқты көрінген жағдай сырт көзге оғаштау, санаға қабылдауға жат екені бірден аңғарылады.
Ұзақ жолдан шаң-топалан, батпақ болып жеткен таксистердің көліктерін қалаға кіреберісте полициялар ұстап, лас болғаны үшін деп тағы айыппұл салады екен.
Жолдың қиындығы, жұмыстың ауырлығы аздай полициядан тағы да зардап шегетін жүргізушілерді шын аяп кеттім.
Пікірлер