Зеленский: Әлем елдеріне ашаршылық жақындап келеді, айуандықты тоқтатыңдар!

7635
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Украинаға қарсы әскери агрессиясы әлемнің әртүрлі елдерінде ашаршылыққа әкелуі мүмкін. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский сейсенбі күні Италия парламентінің депутаттарымен бейне байланыс арқылы сөйлеген сөзінде айтты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Зеленский итальяндық депутаттарды Украинаға басқыншылармен күресуге көмектесуге шақырды және ресейлік әскерлер Украина қалаларын қиратып, бейбіт тұрғындарды өлтіруді жалғастырып жатқанын атап өтті, ол бұл соғыстың зардаптары жақын арада бүкіл әлемде сезілетінін атап өтті.

Ресей әскерлері үшін Украина Еуропаға кіретін қақпа болып табылады, онда олар кіргісі келеді, бірақ айуандықты тоқтату керек", – деді Украина басшысы.

Ол бірқатар елдерге жақындап келе жатқан ашаршылық қаупін атап өтті, өйткені Украина әрқашан ірі азық-түлік экспорттаушылардың бірі болған.

«...Ресей артиллериясының оқ астында қалай егін себеміз?» — деп сұрады Зеленский.

"Адырна" ұлтық порталы 

Пікірлер