Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

3145
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

"Құрметті отандастар! Сіздерді мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Діндарлар осынау жарқын уақытты рухани тазаруға, өзін-өзі жетілдіруге және игі істерге арнайды. Рамазан айы тұрақты адамгершілік құндылықтарды: қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікті алып жүреді. Ұлт бірлігін, елдегі тыныштық пен келісімді нығайтуда Ислам дінінің гуманистік мұраттарының маңызы зор. Халқымыздың бірлігінің арқасында қандай қиындықты да жеңіп,болашаққа нық сеніммен қараймыз. Ораза күндері қуаныш пен тыныштыққа толы болсын! Барлық азаматтарға денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!" – деді мемлекет басшысы.

Еске салайық, 2022 жылы Рамазан 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күнге созылады. 2 мамырда Қазақстан мұсылмандары Ораза айт мерекесін тойлайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер