Үш жаңа партия тіркеуге құжат тапсырды

2887
Adyrna.kz Telegram
Әділет министрі Қанат Мусин тіркеуге құжат тапсырған партиялар туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 
"Үш партия тіркеуге құжат тапсырған. El Tiregi, Байтақ, сосын тағы біреуі. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған", - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, партияны ұйымдастыру тобына кіретін әрбір адамның жеке мәліметтері де көрсетіледі. Бірақ құжат тапсырған партиялардың ішінде мәліметті дұрыс көрсетпегендер бар.
"Кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмейді. Сосын ұйымдастыру тобының тізіміне қайтыс болып кеткен адамдарды кіргізіп жіберген. Басқа партиялардың мүшелері де бар. Заң бойынша оларды алдымен шығару қажет. Егер олар барлық құжатты дұрыстап тапсырса, тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ", - деп атап көрсетті Мусин.
Осы орайда министр партияны тіркеу талаптарының әлі өзгермегенін ерекше атап өтті.
Атап айтқанда, ұйымдастыру тобының құрамы бір мың адам болуы керек. Ал партия мүшелерінің саны 20 мыңнан кем түспеуі шарт.
Президент осы межені айтарлықтай төмендетуді тапсырды.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер