Крематорий: қазаққа мәйіт өртеуге бола ма?

1183
Adyrna.kz Telegram

Елімізде пандемия кезінде адамды өртеуге,яғни кремацияға деген сұраныс артқан. Кремация кезінде мәйітті 1 сағаттан екі сағатқа дейінгі уақытта 800-1100°С температурада өртейді. Жану уақытысының ұзақтығы адамның жасына,салмағына,қандай аурумен қайтыс болғанына байланысты болады. Мысалы, тірі кезінде туберкулез не ісік ауруымен ауырған адамдар ұзағырақ жанады.

Жалпы тарихына тоқталар болсақ , кремация алғаш рет неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған. Жапонияда,Үндістан мен Оңтістік-Шығыс Азияның елдерінде кремация ертеден бар.
Қазақстанның ежелгі тарихында кремация тәсілі қола дәуіріне жататын андрон мәдениетінің Нұра кезеңінде қолданыла бастады. Ал,Еуропа елдерінде кремация басында дінсіз халықтардың салты деп саналғанымен,19 ғасырдың екінші жартысында қолданыла бастап,крематорийлер салына бастады.Ең алғашқы крематорий 1876 жылы Милан қаласында салынған екен.

Ислам болса кремацияға үзілді-кесілді қарсы болғанымен , елімізде де крематорийлар салыну қолға алына бастаған. Кремацияны бұрын қымбат бағада Новосибирск қаласынан жасатып жүрген кейбір Қазақстандықтар үшін кремация пештері елімізде ашылса қолжетімді болмақ.

Таяқтың екі ұшы болады демекші,бір адамдар крематорий салуды қолдаса,біреулері бұл дінге қайшы,сұмдық жайт деп отыр. Иә,шыныменде қазақтың кең жазира ұлан-байтақ даласында мәйітті арулап көметін жер аз болғаны ма? Біз үнділер емеспіз күлді көкке шашатын, біз ата-баба аруағының басына барып құран бағыштайтын қазақпыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер