“Аманаттың” орнына “Жер қорғаны” партиясы отыруы керек! - Мұхтар ТАЙЖАН

3090
Adyrna.kz Telegram

Мұхтар Тайжан «HARD-talk» бағдарламасына сұхбат берді.

Журналистің «Не үшін партия құрып жатырсыз? Оған қаражатты қайдан аласыз? «Жер қорғаны» партиясы кейін «Адал» партиясының күйін кешпей ме?» деген сауалына М.Тайжан:

«Мен шынымен де депутаттықты көздесем, баяғыда «Нұр-Отан» партиясына кіріп, жылы жерде, бір креслода отыратын едім. Бірақ, маған ондай билік қажет емес. Біріншіден, менің партиям халыққа адал болады. Мен 5-6 жыл жұмысшы топтарға барып, солардың қатарында болдым. Сондағы түсінгенім, үгіт-насихат жүргізу үшін көп энергия кетеді. Бірақ нәтиже шамалы. Сондықтан біз билікке келуіміз керек. Ерекең ренжімесін, бірақ «Аманат» партиясының орнына біз отыруымыз керек деп есептеймін. Маман, білім, тәжірибе жағынан ешқандай кемшілігіміз жоқ. Халыққа адал болдық. Былтырғы сайлауға қатысуға Нұр-Отаннан маған да ұсыныс түсті. Менің де депутат болуға мүмкіндігім болды. Алайда менің көзқарасым мен принциптерім оған сай емес. Екіншіден бұл партиядан менің әкем бас тартқан. Мен оған қалай барам? Партия не үшін құрылады? Билікті қолға алу үшін. Сондықтан біз бәсекелесеміз. Ең бастысы —  ақша емес, идея және халықтың сенімі. Халыққа өз ойыңды жеткізу үшін газетке мақала берудің қажеті жоқ, әлеуметтік желілер жетіп жатыр. Сондықтан қалың қаражатсыз да жұмысты атқара беремін. Біздің партиямыз ешбір олигархқа тәуелді болмайды. Оны мен нақты айта аламын» — деп жауап берді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер