Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды

6668
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қамауға алу мерзімі 6 мамырға дейін ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан ҰҚК-ның ресми сауалына берген жауабын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы .

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарларының қамауға алу мерзімі де ұзартылған.

«Мәсімов пен Садықұловтың қамау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, Ерғожиннің қамау мерзімі 2022 жылдың 8 мамырына дейін ұзартылды» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҰҚК төрағасының экс-орынбасары Марат Осиповты қамауда ұстау мерзімін үш айға ұзарту туралы материалдар да прокуратураға жіберілді.

«Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды» деп хабарлады ҰҚК.

Бұған дейін, Кәрім Мәсімов көптеген созылмалы аурулармен ауырады деген ақпарат тараған болатын.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов ҰҚК басшысы қызметінен босатылып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды. Оның орнына Ермек Сағымбаев тағайындалды.

Сондай-ақ, ҰҚК басшысының орынбасарлары – Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де қызметтерінен босатылды.

13 қаңтарда Мәсімовтің де билікті күшпен басып алуға және билікті асыра пайдалануға бағытталған әрекеттерімен күдікке ілінгені, Садықұлов пен Ерғожиннің ұсталғаны туралы да белгілі. Кейін Мәсімов пен Садықұловты сот қамауға алып, іс «құпия» санатқа жатқызылғаны айтылды.

Ал 8 ақпанда ҰҚК «Арыстан» арнайы қызметінің директоры мен осы қызмет орталығының басшысы ұсталғаны, ал 23 ақпанда комитет басшысының тағы бір бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтың ұсталғаны белгілі болды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер