Тоқаевтың күйеу баласы Болгариядағы елші қызметінен босатылады

3118
Adyrna.kz Telegram
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың туысы Теміртай Ізбастин Конституцияға түзетулер енгізілгеннен кейін Қазақстанның Болгариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Жаңа түзетулерге сәйкес Қазақстан Президентінің жақын туыстары мемлекеттік қызметте басшылық қызметке орналаса алмайды, оларға дипломаттар да жатады.

"Жалпы, Конституцияда президенттің жақын туыстарының саяси лауазымдарға орналасуына тыйым салынады. Тізім өте кең, оған белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық қызметкерлер кіреді", - деді Әділет министрі Қанат Мусин брифингте.
"Бұл жағдайда Тоқаевтың туысы, Қазақстанның Болгариядағы елшісі  қызметінен алып тастала ма" - деп сұрады журналистер.

"Осындай тыйым салынғаннан кейін, әрине, барлығы заңнамаға сәйкес келтіріледі.  "Алып тастау" деген сөз бізге кеңестік дәуірден қалған термин болса керек. Ол қызметін босатады, себебі заң бойынша бұл қызметті атқара алмайды", - деп жауап берді Мусин.

Айта кетейік, Теміртай Ізбастин Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаға (Тоқаева) үйленген.

"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер