"Заң жұмыс істемейді": Қошановтың туған ағасы басшы болып кетті, Сатыбалды бостандыққа шықпақ

10245
Adyrna.kz Telegram

ҚР Әділет министрі Қанат Мусин: "Бұдан былай Президенттің жақын туыстары басшы бола алмайды" деп мәлімдеме жасап, тиісті заң қабылдап жатқанда, 15 сәуірден бастап "ҚазТрансОйл" Директорлар кеңесінің Басқарма мүшесі болып Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың ағасы Ғазиз Қошанов сайланғаны белгілі болды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Осылайша Ерлан Қошановтың ағасы 11 сәуірден бастап "ҚазТрансОйл" компаниясында әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директоры қызметіне кірісті.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды болса, 2022 жылдың жазының соңында бостандыққа шығуды көздеп отыр.

ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлағандай, Қайрат Сатыбалды бостандыққа шығу үшін одан мемлекет талап етіп отырған дүние-мүлікті түгелдей тапсырып, қажетті соманы төлеуге әзір отыр. Бұл сомалар мемлекетпен келісілген болса, онда ол барлық ақшаны, айыппұлды түгел төлеп, шілде-қыркүйек айларында бостандыққа шығуға әрекет жасауда. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер