Әскерге барғанына 10 күн болған сарбаз қайтыс болды

3937
Adyrna.kz Telegram
Фото: kyzylorda-news.kz, finprom.kz
Фото: kyzylorda-news.kz, finprom.kz

Жамбыл облысында қарапайым мерзімді әскери сарбаз таңертеңгілік жасақтау кезінде есінен танып құлап, есін жимай қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайтыс болған сарбаз әскерге барғанына 10 күн болған Әлібек Қалбай.

«Сарбаз таңғы жасақтау кезінде есін жоғалтқан. Сарбазға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Алайда есін жимай қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі қаза болған жауынгердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, сарбаз 2022 жылдың 13 сәуірінде Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған. 18-і күні ол әскери бөлімге келіп үлгерген еді, бірнеше күннен кейін туыстары қайғылы хабар алды. Жауынгердің өліміне қатысты тергеу басталды.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер