Асфальтты опырып түсті: елордалықтар құрылыс компаниясының заңсыз жұмысына наразы

2649
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй құрылысының жұмысына халық қарсы шығуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Көпшіліктің айтуынша құрылыс компаниясы ережелерді бұзып, халық көп жүретін аймақтарда кранмен ауыр заттарды көтеріп өтетін көрінеді. Тіпті, сөйтіп жүріп ауыр құрылыс материалы төбеден құлап кетіп, жұмыс жүргізіліп жатқан территорияның дуалын қиратып түскен. 

"Адырна" редакциясына келіп түскен хабарламада айтылғандай, Ұлы Дала-Қабанбай батыр көшелернің қиылысында "Базис" ЖШС жүргізіп жатқан жаңа "Заңғар" тұрғын үйінің құрылыс жұмыстары бірнеше мәрте заңсыз әрекеттер жасап, ережені елемей, тұрғындардың өміріне қауіпті жағдайда жұмыс жүргізуде.

"Ереже бойынша, құрылыс жұмыстары адамдар жүретін аймақтар 50 м арақашықтықта болуы тиіс. Ал бұлардікін қараңыз. Жанында №85 мектеп орналасқан. Күн сайын қанша бала мына жолмен жүріп өтеді. Бір күні әлгі ауыр дүниелері құлап кетіп, балаларымыз жазым бола ма деп қорқамыз. Сөйтіп жүргенде-ақ, біреуі құлап үлгеріпті. Құдай сақтап, дуалдарының үстіне құлап, территорияларының шекарасын қиратып түсіпті" дейді жәбірленуші тарап.

Одан бөлек жарияланымдардағы арыз-хаттарда мынадай заң бұзушылықтардың орын алғаны айтылды:

1. Құрылыс аумағынан тыс Кранның ауыр жүктерді  адамдардың үстінен алып жүруі;

2. Түнде де жұмыстар жүргізілуде;

3. Сәулет нормаларына қатысты, құжаттар нормаларға сәйкес келмейді;

4. Сызықтық қашықтық 10 метрден аспайды (заңға сәйкес 40-50 м дейінгі қашықтық болуы тиіс);

5. 28.04.2022 жылы полиция шақыртылып, Крокус тұрғын үйінің 140-пәтеріне Кран кіріп кеткені туралы мәлімдеме жасалған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер