Канада Кабаеваға жаңа санкция салды

1913
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Канада Ресейдің 22 азаматы және төрт компаниясына жаңа санкция салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "azattyq.org"-ке сілтеме жасап.

Жаңа санкция тізімінде Ресей президенті Владимир Путиннің көңілдесі деп айтылып жүрген Олимпиада чемпионы Алина Кабаева, "Альфа-групп" компаниясына иелік ететін миллиардер Михаил Фридманның екі қызы, "Новикомбанк" басқарма төрайымы Елена Георгиева, Орал тау-металлургия компаниясының бас директоры Андрей Козицын, Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директорының бірінші орынбасары Анатолий Браверман, "Сбербанктің" бұрынғы басшысы Сергей Мальцев, "ВТБ банктың" төраға орынбасары және басқа да азаматтар бар.

20 мамырда Канада Ресейдің 14 азаматына санкция салған. Олардың арасында "ресейлік олигархтар, Путиннің отбасы мүшелеріне жақын адамдар" болған. Осының алдында Алина Кабаеваға қарсы Ұлыбритания санкция салған.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер