Экс-мәдениет вице-министрінің сөмкесі 4,4 млн теңгеге сатылды

2046
Adyrna.kz Telegram
Фото: liter.kz
Фото: liter.kz

Экс-мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің Hermes фирмалық сөмкесі электронды сауда алаңында сатылды. Мәміле сомасы 4,4 млн теңгені құрады, деп хабарлайды  "Адырна" ұлттық порталы                       "orda.kz"-ке сілтеме жасап.

Бұл сөмке ағымдағы жылдың сәуір айында аукционға қойылған болатын. Сөмке сол кезде мәдениет және спорт вице-министрі болған сотталған Сәкен Мұсайбековтен тәркіленді.

Сотта оны "Пара алу" бабынан "Алаяқтық" бабына ауыстырды, осылайша 62 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Тәркілеу 8,5 миллион теңгеге бағаланған, бірақ оны сата алмаған. Лот 13 мамырда қайта жарияланды. Екінші рет сөмке  сатылды, алайда бағасының жартысына ғана.

Мемлекеттік мекемелер көбінесе сыйлықтар мен тәркіленген мүлікті сатады. Мәселен, биылғы жылдың мамыр айында "Olimp.kz букмекерлік кеңсесі" ЖШС, "Альфа bet" ЖШС және "Текстбет" ЖШС сотталған басшыларының сәнді көліктері аукционға шығарылды.

Ал наурыз айында Қостанай қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бір қорап "Қазақстан" тәттілері мен бір қорап ерітілетін кофені аукционға қойған еді.

 

                 "Адырна" ұлттық порталы   

 

Пікірлер