Лондонда Елизавета монархтың туған күні атап өтілді

1816
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ә.Бағдәулетқызының фейсбук парақшасынан
Фото: Ә.Бағдәулетқызының фейсбук парақшасынан
Лондон 9 млн-ға жуық тұрғыны бар әлем астанасының бірі ғой. Бірақ бүгінгідей нөпірді бірінші рет көруім. 
Ағылшындар дәстүрге берік: 260 жылдан бері монархтың туған күнінде оның отбасы атты әскермен жүріп өтіп, (1913 ж. бері) ізімен әуе күштері ұшақтарын ұшырады. Халық соны көруге жиналады.
 Queen Elizabeth 70 жыл бойы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия ғана емес, (Канада, Австралия, Жаңа Зеландияны қосқанда) 54 елден тұратын достастықтың рәсімдік "мемлекет басшысы" болып келді.
 Британия тарихындағы ең ұзақ тақта отырған монарх.
Ол атқарушы билікке тікелей араласпаса да, Парламенттің әр сессиясын ашады, (соғыс не бейбітшілік жариялайды), рыцарь атағын береді, мемлекет басшыларымен кездеседі, тб. рәсімдік қызметтер атқарады.
Королеваның дәуірінде Черчилльден бастап 14 премьер қызмет етті.
Американың 14 президенті көз алдында билікке келіп-кетті.
Ол әлі күнге көлік жүргізеді-міс. Бұл елде куәліксіз және мемлекеттік нөмірсіз көлік жүргізе алатын жалғыз адам да өзі.
Елдегі ең бай адамдардың бірі; заңға сәйкес салық төлемеуіне болады - бірақ төлеп келеді-міс.
 Паспортсыз саяхаттай алады, бірақ өзі және отбасы кей киімдерді кие алмайды, кей тамақтарды жей алмайды (мысалы, іш кептіретін бұршақтылар)).
ХХІ ғасырда монархияның болуы күлкілі деп санайтындар бар (мен де сол қатарданмын), бірақ британдықтар әйтеуір екі институтты қатар алып жүрудің жолын тауып отырғандай.
Бұл отбасы көпшілікке селебрити ретінде қызық сияқты. Әсіресе The Crown сериалынан кейін.
Принц Эндрюдің (патшайымның ортаншы ұлы) кәмелетке толмаған қыздармен байланысы, Меганның корольдік отбасында нәсілшілдер бар деп емеурін танытуы біраз шу болса да, королеваға кір жұқпай келеді. Өзін ұстаудың, не айтып, не айтпаудың үлгісі.
Елизаветадан кейін орнына тұңғышы Чарльз отырмақ. Жұртшылықтың Чарльздың өзінен кейін "кезекте" тұрған ұлы Уильям мен келіні Кейтке ықыласы ерекше. Британ монархиясы қанша сақталатынын уақыт көрсетеді.
Әсия Бағдәулетқызы.
Пікірлер