Маңғыстау облысында әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсады

2032
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы шекара заставасындағы әскери қызметкер өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы t.me/orda_kz телеграмм каналы жазды.

Әскери қызметкер Еділ Тешебаевтың туыстарының айтуынша, олар бұл жайсыз хабарды  бүгін таңғы сағат бестер шамасында білген.

«Ол телефон соғып, 5 000 теңге жіберуді сұрады. Менде 500 теңге болды, соны жібердім. Сосын әскерилер бүгін таңғы 5 шамасында әжетханада асылып өлгенін айтты. Бірі баумен десе, бірі белдікпен деп айтты. Өзін-өзі өлтіру туралы хатты өзі жазған деседі, қолжазбасы оныкі емес. Оны әдейі өлтірді, ұрып-соғып өлтірді деп ойлаймын. Түнде хабарласқанда шошынып отырған», – дейді Нұржаусын Тешебай.

Марқұм жігіт 20 наурызда 19 жасқа толған. Желіде сарбаздың өз-өзіне қол жұмсау туралы хаты тарап жатыр, ол хатында барлық туыстарына жүгінеді. Бірақ туыстары хатты Еділдің жазбағанына сенімді.

Әзірге ҚР ҰҚК шекара қызметі ешқандай ақпарат таратпады.

 

 «Адырна» ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер