Енді орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады – Министр

2885
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Орыс тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов nur.kz порталына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Зерттеулер мен талдаулар жүргізгеннен кейін біз бірінші сынып оқушысына бірден 3 тілді меңгеру қиын екенін көрдік. Бұл – тиімсіз. Біз бұл мәселеге қатысты шешім қабылдадық. Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді. Біз баланың алдымен өз ана тілінде оқуды және жазуды үйренуі үшін тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз. Екінші сыныпта бағдарламаға орыс тілі, үшінші сыныпта ағылшын тілі қосылады. Орыс тілінде оқитын мектептерде 1-сыныпта орыс тілі мен мемлекеттік тіл, ал 3-сыныптан бастап ағылшын тілі болады», - деп түсіндірген министр.

Әдістеме тұрғысынан алып қарағанда, бұл – дұрыс бағыт екенін де атап өткен ведомство басшысы. Мұндай зерттеулер мен ұсыныстар бұрын да болған, сол себепті оны енгізу жоспарланып отыр.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер