Украина АҚШ-тан келетін қару-жарақ мерзімін айтты

2425
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24tv.ua
Фото: 24tv.ua

Украина АҚШ-тан келетін қару-жарақ мерзімін атады. Бұл туралы Unian порталы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ленд-лиз аясында америкалық қарудың алғашқы партиясын қабылдау туралы ақпарат екі-үш аптадан кейін пайда болады. Мұндай мәліметтерді президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович айтты.

Оның айтуынша, АҚШ-тан Украинаға әскери техника үлкен кемелермен жеткізілетін болады.

"Қару-жарақты дайындауға екі аптадай уақыт кетеді, одан кейін кеме 10-12 күн Атлант мұхиты арқылы жүзіп, Еуропаға келеді. Сосын ғана Украинаға жетеді. Бұл кем дегенде бір ай уақыт алатын іс екенін түсінуіміз керек", - дейді Арестович.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер