LRT қаржысын жымқырды деп айыпталған Қанат Сұлтанбек Нью-Йоркта тойда жүр

1932
Adyrna.kz Telegram

Astana LRT қылмысының басты фигуранттарының бірі, халықаралық іздеу жарияланған Қанат Сұлтанбек өткен демалыс күндері Нью-Йорктің қымбат ауданында дүркіреген тойда жүргені видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оған дәлел ретінде Қанат Сұлтанбектің заңды әйелі әлеуметтік желіде «Біз қайда бара жатырмыз, тауып алыңыздар», – деген Шолпан Сергейқызы көп ұзамай америкалық жұптың тойынан үзінді көрсете бастады.

Шағын видеолардың бірінде той тойлап жүрген Қанат Сұлтанбек те жүр.

«Мен сіздерді видеоға түсіріп тұрмын», - деді Шолпан Сергейқызы Сұлтанбекті көрсетіп.

Жалпы, Astana-LRT құрылысына бөлінген қаражатты жымқырған Қанат Сұлтанбектің АҚШ-та жүргенін осыған дейін бір емес, бірнеше басылым беттері жазған болатын.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қанат Сұлтанбек шынымен де АҚШ аумағында екенін растады. Алайда біздің құқық қорғау органдары оны елге экстрадициялау үшін бірнеше рет әрекет етсе де, Сұлтанбекті ұстай алмаған. Себебі АҚШ заңнамасына сәйкес, қызыл бюллетені бар адам көші-қон талаптарын бұзбаса, оны АҚШ аумағында жайдан-жай ұстап алуға болмайды. Оның үстіне, Қазақстан мен Америка арасында қылмыскерлерді беру туралы екі жақты келісім болмаған соң, Сұлтанбекті қолға түсіру процесі тіптен қиындаған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер